Қазақстан мен Сауд Арабиясы екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерінің санын ұлғайтуды жоспарлауда

Қазақстан мен Сауд Арабиясы екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерінің санын ұлғайтуды жоспарлауда

Рияд, 2026 жылғы 15 ақпан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Азаматтық авиация бас басқармасының президенті Әбделазиз Әл-Дуайлежбен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, әуе рейстерінің жиілігін арттыру, қосымша тікелей рейстерді іске қосу, сондай-ақ Қазақстан мен Сауд Арабиясының авиациялық мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар әуе тасымалдаушылары мен жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап өтіп, қазақ-сауд әріптестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі мемлекеттің авиациялық ведомстволары арасында екіжақты диалогты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.