
Рияд, 2026 жылғы 10 ақпан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Көлік және логистикалық қызметтер министрі Салех Әл-Жасермен кездесу өткізді.
Сұхбат аясында тараптар көлік және логистика саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Жаңа логистикалық бағыттарды ілгерілету, шарттық-құқықтық базаны кеңейту және халықаралық көлік дәліздерінің әлеуетін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар көлік-логистика саласындағы диалогты жандандыру мен практикалық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, қазақ-сауд әріптестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған алдағы қадамдар туралы келісті.