Риядта конституциялық реформалар талқыланды

Риядта конституциялық реформалар талқыланды

Рияд, 2026 жылғы 2 ақпан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Шығанақ зерттеу орталығының төрағасы, өңірдегі беделді сарапшы Әбділәзиз Сақрмен келіссөздер өткізілді.

Кездесу барысында Елші сұхбаттасына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінің негізгі бағыттары, сондай-ақ жалпыұлттық референдумға шығарылатын ауқымды конституциялық реформалар туралы баяндады.

М.Меңілбеков бір палаталы Парламентке көшу, вице-президент лауазымын енгізу және «Қазақстан халық кеңесін» құру бастамаларына қатысты толық ақпарат берді.

Өз кезегінде Ә.Сақр Қазақстандағы конституциялық реформаларға қызығушылық танытып, елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерістеріне оң баға берді. Ол аталған реформалар Қазақстан тарихындағы маңызды саяси кезеңдердің бірі болатынын атап өтті.