Қазақстан Елшісі Бахрейн министріне сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Қазақстан Елшісі Бахрейн министріне сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Рияд, 2025 жылғы 21 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Мадияр Меңілбеков Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид Әл-Заяниге сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті.

Іс-шара барысында тараптар Қазақстан мен Бахрейн арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған нақты қадамдар жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Абдуллатиф Әл-Заяни Қазақстан Елшісін қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан мен Бахрейн арасындағы қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуда зор табыстар тіледі.