
Рияд, 2025 жылғы 17 қараша – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Expo 2030 Riyadh Company» Аға директоры Лама Әл-Ғурайрмен келіссөздер өткізді.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы «Expo 2030 Riyadh» іс-шарасына дайындық және оны өткізу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
М.Меңілбеков Қазақстан алдағы іс-шараға қатысуға дайын екенін және көрменің халықаралық ынтымақтастықты дамытудың тиімді платформасы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Лама Әл-Ғурайр Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға қызығушылық танытып, қазақстандық тарапты көрмеге дайындық бойынша тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырды.