Қазақстан БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы Бас Ассамблеясының 26-сессиясына қатысты

Қазақстан БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы Бас Ассамблеясының 26-сессиясына қатысты

Рияд, 2025 жылғы 7–11 қараша – Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Рияд қаласында БҰҰ-ның Дүниежүзілік туризм ұйымының 26-сессиясы өтті. Іс-шараға Қазақcтан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадиар Меңілбеков бастаған қазақстандық делегация қатысты.

Бұл сессия жаһандық туризм саласының болашағын талқылауға арналған ең ірі халықаралық ұйымның құрылғанына 50 жыл толуымен тұспа-тұс өтті. Оған әлемнің 160 елінен делегациялар қатысып, күн тәртібінде туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты тереңдету және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны енгізу жолдары қаралды.

Ассамблеяның негізгі нәтижелеріне ұйымның Шанхайдағы өңірлік өкілдігінің ашылуын, Туризмнің болашағы жөніндегі Рияд декларациясының қабылдануын және ұйым тарихында тұңғыш рет Бас хатшы лауазымына әйел адамның сайлануын атап өтуге болады.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік туризм күнін өткізуге қатысты шешім қабылданып, 2026 жылы Эль-Сальвадорда «Туризмді қайта ойластыру үшін цифрлық күн тәртібі және жасанды интеллект», ал 2027 жылы Кабо-Вердеде «Білім арқылы туризмді трансформациялау» тақырыптарында өтетіні нақтыланды.

Қазақстан делегациясының сессияға қатысуы халықаралық байланыстарды нығайтуға және еліміздің ашық әрі перспективалы туристік бағыт ретіндегі имиджін ілгерілетуге ықпал етті.

Айта кететін жайт, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының 18-сессиясы 2009 жылы Астанада өткен болатын.