Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Рияд, 2025 жылғы 15 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Сыртқы істер министрінің экономика және даму мәселелері жөніндегі орынбасары Абдалла бен Фаһд бен Зараһпен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында тараптар инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды. Алдағы өзара сапарларға дайындық пен шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сауд тарапы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтіп, оны кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді экономикалық жобаларды ілгерілету үшін тұрақты байланыстарды жалғастыруға келісті.