Сауд Арабиясында туризм саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Сауд Арабиясында туризм саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Рияд, 2025 жылғы 7 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Fursan Travel Group» компаниясының төрағасы Наиф Әл-Раджхимен келіссөздер өткізді.

Сұхбат барысында туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанды сауд туристері үшін тартымды бағыт ретінде ілгерілету перспективалары қарастырылды.

Наиф Әл-Раджхи Қазақстанның туристік әлеуеті мен қолайлы іскерлік ахуалын жоғары бағалап, қазақстандық тараппен әріптестік орнатуға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әрекеттесуді дамытуға мүдделілік танытып, диалогты жалғастыруға келісті.