Рияд, 2025 жылғы 5 қазан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің құрылыс және девелопмент саласындағы ірі компанияларының бірі «Al Bawani» компаниясының Инвестициялар жөніндегі бас атқарушы директоры Насер Әл-Шауафпен келіссөздер өткізді.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамуын атап өтіп, инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы бірлескен жобалардың іске асыру перспективаларын қарастырды.
«Біз Сауд Арабиясымен арадағы ынтымақтастыққа ерекше мән береміз және «Al Bawani» сияқты озық компаниялармен ұзақ мерзімді байланыс орнатуға ұмтыламыз», – деді қазақстандық дипломат.
Өз кезегінде, сауд тарапы екіжақты ықпалдастықтың жоғары әлеуетін атап өтіп, оны одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдірді.