Рияд, 2025 жылғы 2-4 қазан – Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында алғаш рет функционалдық көпсайыстан Азия чемпионаты өтті. Оған Қазақстан, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Иран, Иордания, Өзбекстан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Аустралия және Үндістанды қоса алғанда, 10 елден 90-нан астам спортшы қатысты.
Қазақстан атынан жарысқа 11 спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі дене дайындығын, күш пен төзімділікті көрсетті.
Чемпионат Сауд Арабиясы Спорт министрлігі мен Спорт федерациясының, сондай-ақ Халықаралық функционалды фитнес федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Үш күн бойы қатысушылар күш, төзімділік, ептілік, үйлестіру, тепе-теңдік және психологиялық тұрақтылықты сынайтын қарқынды жаттығулар сериясында өз шеберліктерін көрсетті.
Қазақстандық спортшылардың жетістіктері:
1-ші орын – Камила Такеева
2-ші орын – Виктор Ильченко және Валентин Жуков
2-ші орын – Асылбек Жалеев және Дина Қасымова
3-ші орын – Артём Мацак
4-ші орын – Валентин Лукановский және Ксения Жалеева
7-ші орын – Амир Гайсин
10-шы орын – Нүркен Бахтияров және Баян Кинашев
Функционалдық көпсайыс – күшті, төзімділікті, жылдамдықты, ептілікті, үйлестіру мен икемділікті дамытуға бағытталған жаттығулар кешенін қамтитын заманауи спорт түрі. Ол ауыр атлетика, гимнастика және кардио жаттығуларының элементтерін біріктіреді, бірақ нақты спорттық құрылымымен, төрешілік стандарттарымен және халықаралық ережелерімен ерекшеленеді.