Қазақстан мен Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы спорт саласындағы әріптестікті тереңдетуде

Қазақстан мен Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы спорт саласындағы әріптестікті тереңдетуде

Ар-Рияд, 2025 жылғы 28 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының Бас хатшысы Насер Айман Маджалимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар 2025 жылғы 7-21 қараша аралығында Ар-Рияд қаласында өтетін VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ұйымдастырылу мәселелерін талқылады. Аталған ауқымды спорттық шара төрт жылда бір рет өткізіліп, спорттың 23 түрін қамтитын болады.

Ислам ынтымақтастығы ойындары – қатысушы мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ спорт арқылы бейбітшілік пен өзара түсіністікті ілгерілетуге бағытталған маңызды халықаралық алаң болып табылады.