Жидда, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Жидда қаласына жұмыс сапары аясында Жидда Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Имад Әл-Абудпен және Палатаның Бас хатшысы Рамез Әл-Ғалебпен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында тараптар екі елдің іскер топтары арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту жолдарын қарастырды. 2025 жылы жоспарланған Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің кезекті отырысын Қазақстанда ұйымдастыру және Корольдікте ҚР-дың Сауда-экономикалық миссиясын өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жидда Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығы аталған бастамаларға қолдау білдіріп, қос мемлекеттің іскерлік қауымдастықтары арасында өзара тиімді әріптестікті дамытуға дайын екенін растады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша қатысушылар екіжақты тауар айналымын ұлғайту және өзара ықпалдастықтың жаңа перспективалық бағыттарын ашу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.