Қазақстан Елшісі Король Әбделазиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашығының президентімен кездесті

Қазақстан Елшісі Король Әбделазиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашығының президентімен кездесті

Ар-Рияд, 2025 жылғы 30 маусым – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Король Әбделазиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашығының Президенті (KACST) Мунир Әл-Досоукимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар KACST пен қазақстандық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары арасындағы ғылым мен технологиялар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.

Осы тұрғыда Елші қазақстандық ғылымның дамуы және оның соңғы жылдардағы жетістіктері, оның ішінде қолда бар ғылыми-техникалық әлеует және оның қазіргі экономикалық жағдайларға бейімделуі туралы хабардар етті.

Тараптар IT индустрияны, жаңа технологияларды, стартап жобаларды және жасанды интеллектті дамытуға ерекше назар аударды. Қазақстандық жас ғалымдар, програмистер және IT индустриясының мамандары соңғы жылдары Сауд Арабиясының акселерациялық бағдарламаларына, форумдарына және басқа да түрлі іс-шараларына белсенді қатысып, екі елдің түрлі салаларда бірлескен инновациялық жобалар құрудағы ынтымақтастығына ықпал етуде.

KACST басшысы М.Әл-Досоуки екі елдің ғылыми топтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі қазақстандық тараптың бастамасына толықтау қолдау білдіріп, ғылыми қалашықтың қызметімен және оны одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларымен таныстырды.

KACST Сауд Арабиясындағы ғылым мен технологиялардың дамуына, сондай-ақ Корольдіктің әртүрлі мекемелерінің зерттеулерін және осы саладағы  күш-жігерін үйлестіруге толықтай жауапты бірегей тәуелсіз мемлекеттік ұйымы болып табылады. Бұл қалашықта математика мен физика, энергетика, мұнай химиясы, ғарыш және астрономия, атом энергиясы, радиоактивті қалдықтар, биотехнология, наномедицина, нанотехнология, робототехника, ақпараттық технологиялар экология және адамзат үшін басқа маңызды салаларда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін 35 ірі институт пен орталық қызмет етеді.