Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері Ар-Риядта талқыланды

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері Ар-Риядта талқыланды

Ар-Рияд, 2025 жылғы 25 маусым – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков САК Инвестициялар министрінің орынбасары Фарис Әл-Қарнимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру жолдарын талқылады.

Елші М.Меңілбеков шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев айтқан экономиканы одан әрі әртараптандыру жөніндегі еліміздің саясатының жаңа басымдықтары мен бағыттарымен таныстырды. Ол сондай-ақ елдегі шетелдік инвесторлардың транспаренттік қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша Үкіметтің жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті, визалық тәртіпті жеңілдетуге, инвесторлардың құқықтарын қорғауға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және т. б. бағытында қабылданып жатқан заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер туралы баяндап берді.

Қазақстандық дипломат Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің қызметін жандандыруға, сауда-инвестициялық мәселелер мен өзара қызығушылық тудыратын жобаларды тақырыптық талқылау үшін олардың арасында тікелей байланыс орнату үшін екі ел кәсіпкерлерінің сапарларымен алмасуды жолға қоюға шақырды.

САК Инвестициялар министрінің орынбасары Ф. Әл-Қарни өз кезегінде екі елдің бизнес-топтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі қазақстандық тараптың кез келген ұсыныстарын қолдауға дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әртүрлі деңгейлерде, соның ішінде бизнес-семинарлар мен B2B, B2G кездесулері сияқты өзара сапарлар мен тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы бірлескен күш-жігер жұмсауға келісті.