Елгава, 2025 жылдың 29 сәуірі - Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов елдің маңызды өнеркәсіптік орталығы – Елгава қаласында жұмыс сапармен болды.
Елгава қалалық думасының төрағасы Андрис Равиньшпен кездесу барысында тараптар аймақаралық ынтымақтастықты орнату бойынша ұсыныстармен бөлісті.
Бұдан басқа қазақстандық дипломат Қазақстандағы негізгі саяси және экономикалық жағдайлар туралы хабарлады. Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалға назар аудара отырып, латвиялық компанияларды көлік-логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, IT секторындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қатысуға шақырды. Осы тұрғыда аталған аймақта Қазақстан Республикасының Құрметті консулын тағайындау мәселесі талқыланды.
Өз кезегінде А.Равиньш аймақтың Қазақстанмен ынтымақтасуға деген қызығушылығын атай отырып, қазақстандық бизнеске ықпал етуге дайынын екендігін білдірді.
Сапар барысында Елші Елгава технологиялық орта мектебіне және «Jelgavas komunālie pakalpojumi» қалдықтарды қайта өңдеу және басқару кәсіпорнына барды.