Рига, 2025 жылғы 24 сәуір — Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріповтің Латвияның Мемлекеттік орман қызметінің Бас директоры Андис Пурспен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар орман шаруашылығы саласындағы қазақстандық-латвиялық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстармен бөлісті. Озық технологиялар негізінде ормандарды жаңғырту, сондай-ақ орман өрттерімен күрес мәселелеріне баса назар аударылды.
Осы орайда тараптар таяу арада сараптамалық делегациялармен алмасу мүмкіндігін қарастырды.