Қазақстан мен Латвия білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде

Қазақстан мен Латвия білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде

Рига, 2025 жылғы 15 сәуір - Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия университетінің ректоры Гундарс Берзиньшпен кездесті.

Кездесу барысында Латвия университетімен бизнесті басқару, IT, логистика және халықаралық экономика сияқты мамандықтар бойынша дипломды кадрларды даярлау жөніндегі ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды.

Осыған байланысты тараптар екі елдің ғылыми-білім беру саласындағы өзара іс-қимылын кеңейту бойынша нақты қадамдарды айқындады.