Рига, 2025 жылғы 18 наурыз – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Riga Investment and Tourism Agency қалалалық агенттігі басшысымен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында туристік инфрақұрылымды дамыту және осы салаға инвестициялар тарту тәжірибесімен бөлісуге ерекше назар аударылды. Табысты латвиялық тәжірибелерді Қазақстанға бейімдеу мүмкіндіктері және керісінше қазақстандық тәжірибелерді Латвияға бейімдеу, туристік бағыттарды дамытуға арналған цифрлық құралдарды және жеке бизнесті қолдау шаралары да талқыланды.
Елші Қазақстанның туристік индустрияны белсенді дамытып отырғанын және шетелдік серіктестерге бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін ыңғайлы шарттар ұсынуға дайын екенін білдірді. Қазақстандағы туристік саланың күрт өскенін атап өтіп, бұл халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына және туристік ағынның артуына ықпал ететіндігін жеткізді.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.