Ригада Наурыз мейрамына арналған бірлескен іс-шара өтті

Ригада Наурыз мейрамына арналған бірлескен іс-шара өтті

Рига, 2025 жылғы 14 наурыз – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі Әзірбайжанның, Түркияның және Өзбекстанның шетелдік мекемелерімен бірлесіп, Латвия астанасында «Наурыз» мейрамын салтанатты түрде атап өтті.

Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың қазақ халқы үшін рухани-өнегелік және тарихи маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық дипломат көктемгі күн мен түннің теңелуі мерекесі бізді табиғатпен үйлесімділікті бағалауға, ата-бабаларымыздың дәстүрлерін құрметтеуге және бейбітшілік пен келісімге ұмтылуға үйрететінін атап өтті.

Іс-шараның қазақстандық шығармашылық «сегментін» пианист Элеанора Котлибулатова мен скрипкашы Айкен Айтбай таныстырды. Музыканттар классикалық және дәстүрлі жанрлардағы бірқатар танымал халықтық және шетелдік музыкалық шығармаларын асқан шеберлікпен орындап, қонақтарды өз өнерлерімен тәнті етті.

Сонымен қатар қонақтарға қазақтың дәстүрлі дастарқаны жайылды.

Мерекеге латвиялық саяси қайраткерлер, дипломатиялық корпус мүшелері, іскерлік топтардың, БАҚ-тардың, қоғамдық және мәдени ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Латвияда тұратын отандастар қатысты.