Қазақстандық өндірушілер еуропалық нарықтарға шығуда

Қазақстандық өндірушілер еуропалық нарықтарға шығуда

Рига, 2025 жылғы 8-9 наурыз – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің қолдауымен балаларға арналған жөргек өндіруші қазақстандық «Capable Group» компаниясы жыл сайынғы «KIDS EXPO RIGA 2025» Халықаралық көрмесіне қатысты.

«Capable Group» өнімінің сапасына латвиялық тұтынушылар назар аударып, оған жоғары баға берді. Осы тұрғыда бұл компанияның тауарларын латвиялық нарықта сату туралы алдын ала келісімдерге қол жеткізілді. 

Анықтама үшін: «Capable Group» тауарлары жапон технологиясымен және еуропалық стандарттар бойынша италияның жабдығымен өндіріледі, кәсіпорынның өнімнің осы түріне қажетті барлық сертификаттары бар. Қызметкерлердің  60%-дан астамы мүмкіндіктері шектеулі адамдар, қазіргі кезде қызметкерлердің саны 100 адамды құрайды. Өндірістік қуаты жылына 175 000 000 жөргекті құрайды. Компанияның өнімі: шаруашылық және тазалауға арналған тауарлар, тұрмыстық химия және автохимия, косметика және парфюмерия, гигиена құралдары, жабдықтар, косметика мен тұрмыстық химия өндірісіне арналған шикізат пен қаптамалар.