Рига, 2025 жылғы 6 наурыз – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Forma Pro Films» жетекші Балтық кинокомпаниясының тең иелері Светлана Иванникова, Игорь Пронин және Юлия Зайцевамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар «Forma Pro films» латвиялық кинокомпаниясының тәжірибесі мен сараптамасы, сондай-ақ бірлескен киноөндіріс саласындағы Қазақстан мен Латвия ынтымақтастығы негізінде Қазақстанның киноиндустриясын дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Қазақстандық дипломат киноөндіріс саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасындағы кең ауқымды мәселелер бойынша өзара қарым-қатынастарды кеңейтуге елеулі үлес қосатынын атап өтті
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты, оның ішінде аталған бағытта бірлескен жобаларды іске асыру арықылы тереңдету жөнінде уағдаласты.