Рига қаласында Наурыз мерекесіне арналған «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен «Жорға» би ансамблінің мерекелік концерті өтті

Рига қаласында Наурыз мерекесіне арналған «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен «Жорға» би ансамблінің мерекелік концерті өтті

Рига, 2024 жылғы 15 наурыз – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің бастамасымен «Наурыз» көктем мерекесі қарсаңында Ригадағы «VEF» мәдени сарайының сахнасында М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен «Жорға би ансамблінің «Қош келдің, Наурыз» атты салтанатты концерті өтті.

Іс-шараны ашқан Қазақстан Елшісі Дәурен Кәріпов Наурыз мерекесіне арналған концертке келген барша қонақтарға ризашылығын білдіріп, аталған іс-шара Қазақстан мен Латвия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосатынын атап өтті.

Қазақстандық әртістер халық шығармашылығының да, қазіргі қазақстандық композиторлардың да туындыларын ұштастыра отырып, тыңдаушыларға ұлттық аспаптарда асқан шеберлікпен орындауларын көрсете отырып, алуан түрлі және ауқымды бағдарлама ұсынды.

Латвия аудиториясы қазақ мәдениетінің алуан түрлілігі мен өзіндік ерекшелігіне, орындалған шығармалардың әуезділігі мен шынайылығына тәнті болды

Елшілік іс-шара аясында еліміздің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында биыл басып шығарылған Қазақстан туралы туристік нұсқаулықтың тұсаукесерін өткізіп, барша жиналған қонақтарға аталған нұсқаулықты сыйға тарту етті.