Латвия астанасында Наурыз мерекесіне арналған бірлескен іс-шара өтті

Латвия астанасында Наурыз мерекесіне арналған бірлескен іс-шара өтті

Рига, 2024 жылғы 14 наурыз – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі түркі тілдес Әзірбайжан, Түркия және Өзбекстан елшіліктерімен бірлесе отырып, Латвияның астанасында табиғаттың оянуы мен қайта жаңаруының және жаңа өмірге ұмтылыстың белгісі болып табылатын «Наурыз» мерекесін салтанатты түрде атап өтті.

Іс-шара аясында М.Өскенбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің өнерпаздары келген қонақтарды өз шеберліктерімен тәнті етті.

Салтанатты шараға латвиялық саяси қайраткерлер, дипломатиялық корпустың мүшелері, іскерлік, БАҚ, қоғамдық және мәдени ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Латвияда тұратын отандастар қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов қонақтарға «Наурыз» елімізде халықтар арасындағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға ықпал ететін жалпыхалықтық мереке екенін атап өтті.

Мерекелік іс-шараның мәдени-шығармашылық бөлімінен кейін қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты.