Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің қызметіндегі басымдық - гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту

Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің қызметіндегі басымдық - гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту

2024 жылғы 29 ақпанда Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия университетінің Академиялық кітапханасының директоры, филология ғылымдарының докторы Вента Коцеремен кездесті.

Кездесу Қазақстан мен Латвия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, ғылыми және білім беру байланыстарын кеңейту мен нығайтуға, сондай-ақ ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын Латвияда танымал етуге бағытталған Латвиялық университетінің Академиялық кітапханасы жанындағы «Абай» Қазақстандық ақпараттық орталығында өтті.

Орталық жұмыс істеген төрт жыл ішінде онда көптеген түрлі іс-шаралар, көрмелер, дөңгелек үстелдер, қазақ зиялыларына арналған оқулар, поэтикалық кештер, қазақ диаспорасы өкілдері мен студент жастардың кездесулері өткізілді.

Қазақстан Елшісі Д.Кәріпов Орталықтың басшысы В.Коцерені екі ел арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға, Орталыққа келушілерді Абайдың шығармашылығымен жақынырақ таныстыруға елеулі үлесін қосып жатқанына алғысын білдірді.