2023 жылғы 11-14 қыркүйекте Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі мен Латвияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен Латвияның өкілді бизнес-делегациясының Астанаға сапары өтті. Делегация құрамына Латвияның ірі салалық бірлестіктері мен қауымдастықтарының, теңіз порттарының, жетекші көлік-логистикалық және IT компаниялардың, фармацевтика саласы кәсіпорындарының басшылары кірді.
Сапардың Астана халықаралық қаржы орталығында өткен «Қазақстан-Латвия: ынтымақтастықтың жаңа перспективалары» атты дөңгелек үстелден бастау алды. Екі елдің іскер топтарының өкілдері Қазақстан мен Латвияның сауда-экономикалық өзара іс-қимылының перспективалары туралы пікір алмасып қана қоймай, ынтымақтастық салаларын жандандыру және әртараптандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды келісті. Атап айтқанда, басымдықтар арасында көлік және логистика саласындағы бірлескен жұмыс, машина жасау және фармацевтика саласында, АӨК, сондай-ақ қайта өңдеу өнеркәсібінің басқа да салаларында жобаларды іске асыру белгіленді.
Латвиялық кәсіпкерлер Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған елдің экономикалық дамуының жаңа моделі аясында Қазақстандағы инвестициялық преференциялармен егжей-тегжейлі танысты.
Латвиялық бизнес өкілдерінің «Қазақстан темір жолы», «СК-Фармация», Тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы, «KazakhInvest», «ҚазАзот», «KazLogistics» Қазақстан көлік қызметкерлері одағының, «KazEnergy» қауымдастығының, «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының, «QazBioPharm» ұлттық холдингі және Ақтау теңіз сауда порты басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулері өтті.
Сапар барысында қол жеткізілген нақты келісімдердің ішінде жақын арада АХҚО мен Латвиялық стивидорлар қауымдастығы (Латвия порттарында жұмыс істейтін), сондай-ақ «Latvijas auto» Латвия автокөлік қауымдастығы арасындағы латыш компанияларын АХҚО-да тіркеу және жаңа жеткізу тізбегін құру бойынша өзара түсіністік, логистика саласында жаңа технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылғанын атап өтуге болады. Сонымен қатар, екі елдің бірқатар кәсіпкерлері тәжірибелік іске асыру кезеңіне тез арада жету үшін оларды егжей-тегжейлі әзірлеу үшін экономиканың әртүрлі салаларында перспективалық жобаларды анықтады.
Жалпы, Латвияның бизнес өкілдері сүбелі мазмұнға толы және Қазақстанның жоғары экономикалық әлеуетіне және еліміздегі бизнестің қолайлы жағдайына жеке көз жеткізуге мүмкіндік берген сапар қорытындыларына ерекше ризашылықтарын білдірді.