2023 жылғы 12 қыркүйекте Латвия Сеймінде Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасы Сеймінің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісімен ынтымақтастығы жөніндегі парламенттік топ мүшелерімен кездесті. Топтың жетекшісі – танымал және беделді латвиялық саясаткер Улдис Аугулис. Топтың құрамына 30-дан астам депутат кіреді, олардың көпшілігі Латвия Сеймінің бейіндік комиссияларын басқарады.
Т.Пірімбетов депутаттарды Қазақстан-Латвия қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы хабардар етіп, еліміздің ішкі саяси және экономикалық ахуалдың аса маңызды тұстарымен егжей-тегжейлі таныстырды.
Дипломат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауына ерекше назар аударды. Қазіргі Жолдаудың назары экономикалық бағытта екені атап өтілді, онда Мемлекет басшысы алдағы жылдарға арналған экономикалық бағдарлар мен басымдықтарды нақты тұжырымдады. Жолдауда Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа моделі көрініс тауып, оның негізінде инклюзивтілік, әділдік және прагматизм сияқты қағидаттар айқындалған. Жаңа экономикалық бағыттың негізгі басымдығы жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібі бар қуатты өндірістік базаны құруға негізделген. Т.Пірімбетов Жолдауда алға қойылған мақсаттарға жету бойынша нақты ұсыныстар мен шешу жолдарын қамтылғаны жөнінде атап өтті.
Латвиядағы көлік саласының жоғары дамуы мен халықаралық теңіз порттарының болуын ескере отырып, Т.Пірімбетов кездесуде қатысушылардың назарын Мемлекет басшымыз Тоқаевтың Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін ашу, оның ішінде халықаралық көлік дәліздерін – Транскаспий бағыты мен Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізін ілгерілету жөніндегі міндеттеріне аударды. Осыған орай, Латвия депутаттарын екі ел арасындағы транзиттік-көлік саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі арттыруға жан-жақты қолғабыс етуге шақырды. Жолдауда ұсынылған нарықты ырықтандыру, өңдеуші өнеркәсіптегі отандық және шетелдік инвесторлар үшін жаңа салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беру жөніндегі шаралар контексінде агроөнеркәсіптік кешенде, фармацевтика мен IT-технологияларда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруда елеулі әлеуетті атап өтті.
Латвия депутаттары өз тарапынан Жолдаудың байыпты сипатын атап өтті. Қазақстан басшылығының елдегі реформаларды іске асыруға дәйекті және жүйелі көзқарасын атап өтті. Елімізбен, оның ішінде парламенттік желі бойынша көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін растады. Екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа салаларын іздеу және қалыптастыру жөніндегі күш-жігерді ұштастыру қажеттілігімен келісті. Ғылым мен инновация саласындағы ынтымақтастықты жандандыруды жақтады. Осыған байланысты Т.Пірімбетов сұхбаттасушыларды ағымдағы жылдың 21-23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті К.Закарияның Латвияға сапары туралы хабардар етті. Бұл өз тарапынан екі елдің ғылыми орталықтары арасындағы өзара іс-қимылға қосымша серпін береді.
Кездесу соңында депутаттарға Жолдаудың латыш және ағылшын тілдеріндегі даналары табысталды.