5 қыркүйекте Латвияның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетовтың Мемлекеттік хатшының орынбасары, СІМ саяси директоры Анджей Вилюмсонмен кездесуі өтті. Кездесу қазақстандық тараптың бастамасымен өткізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Елшісі жоғары лауазымды латвиялық дипломатты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауының негізгі ережелерімен хабардар етуге ерекше көңіл бөлді. Мемлекет басшысы Жолдауда айтқан экономикалық басымдықтарға, сондай-ақ Қазақстанда бизнес жүргізу үшін шетелдік инвесторларға қосымша жеңілдіктер мен мүмкіндіктерге баса назар аударды.
Мемлекеттік хатшының орынбасары, Қазақстан басшылығының елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағытында жүргізіп жатқан күш-жігерін жоғары бағалады.
Дипломаттар екі елдің ішкі саяси ведомстволары арасындағы алдағы саяси кеңестері аясында қазақстандық-латвиялық қарым-қатынастар, сондай-ақ Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясының экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі кезекті отырысының мәселелерін кеңінен талқылады. Екі шара ағымдағы жылдың күзінде Рига қаласында өтетіні жоспарланған.
А.Вилюмсон Қазақстанмен екіжақты өзара әрекеттесудің барлық спектрі бойынша өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға қызығушылығын растады.
Кездесу соңында тараптар жоғарыда аталған шараларға дайындық аясында байланыстарды іске қосуға келісті.