
Рига, 2023 жылғы 27 наурыз – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде бірқатар жетекші латвиялық БАҚ бас редакторларымен және басшыларымен кездесу өтті. Атап айтқанда «La.lv» жаңалықтар порталы мен «Latvijas avize» күнделікті газеті, «TV24» телеарнасы, Мемлекеттік Латвия радиосы, «Freecity.lv» жаңалықтар порталы, «Mediaservis» баспа үйі, «NRA.lv» жаңалықтар порталы және «Neatkariga Rita Avize» газеті.
Кездесу барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі жергілікті өкілді органдарға кезектен тыс сайлаудың қорытындылары туралы хабардар етті.
Мәселен, өткен сайлау жоғары бәсекелестікпен ерекшеленіп, ел Конституциясына қабылданған түзетулерге, сондай-ақ «Сайлау туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес жаңа ережелер мен нормалар бойынша өткізілгені атап өтілді. Атап айтқанда, аралас сайлау жүйесі пайдаланылды, саяси партиялар үшін тіркеу шегі және Парламентке өту үшін шекті деңгей 5%-ға дейін төмендетілді, кандидаттар тізімінде әйелдердің, жастардың және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өкілдігі (кемінде 30%) бекітілді, сайлау бюллетеньдеріне «барлығына қарсы» бағаны енгізілді.
Қазақстандық дипломат сондай-ақ Қазақстандағы сайлауды 41 елден және 12 халықаралық ұйымдардан келген шетелдік бақылаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдерінің көптігі байқағанын атап өтті. Ең көп ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының миссиялары, соның ішінде Латвиядан келген екі өкіл болды. Шетелдік байқаушыларға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі сайлауға мониторинг жүргізу мүмкіндігі берілді.
Бұдан әрі Елші Қазақстан Парламентінің жаңа құрамына қоғам мен мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға бағытталған президенттік реформаларды заңнамалық деңгейде тиімді іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Латвиялық тарап Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы негізгі жетістіктерімен, еліміздің маңызды халықаралық бастамаларымен таныстырылды.
Кездесуде Қазақстан-Латвия қатынастарын дамытудың өзекті мәселелері де қозғалды.
Сұхбат барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасушылардың сұрақтарына толық және жан-жақты жауаптар берді.
Кездесу соңында қазақстандық дипломат латвиялық әріптестерін ағымдағы жылы Қазақстандағы саяси, экономикалық және мәдени оқиғаларды жарықтандыру бойынша шетелдік БАҚ өкілдері үшін қазақстандық тарап ұйымдастырған тақырыптық баспасөз турларына қатысуға шақырды.