Латвия Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесу туралы

Латвия Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесу туралы

Рига, 2022 жылғы 28 сәуір – Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысының орынбасары – Саяси директоры Анджей Вильямсонмен кездесу өткізді.

Кездесуде тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған іс-шараларды дайындауға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында Т.Пірімбетов ү.ж. 9 маусымына Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған Қазақстан мен Латвия Сыртқы істер министрліктері арасындағы кезекті саяси консультациялардың Күн тәртібіне ұсыныстарын табыс етті. Латвия тарапы қазақстандық әріптестерімен кездесу үшін елімізге келуге дайын екенін растады.

Сұхбаттасу соңында тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты пікір алмасуды жалғастыруға келісті.