Жетекші латвиялық сараптамалық институттармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Жетекші латвиялық сараптамалық институттармен  ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Рига, 2021 жылғы 26 қараша – Елшілік бастамасымен Елші Тимур Пірімбетов Латвия Сыртқы саясат институтының директоры Андрис Спрудспен және Латвия Ғылым академиясы жанындағы Экономика институтының басшысы Нина Линдемен кездесті.

Кездесу барысында Т.Пірімбетов сұхбаттасушыларды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан, одан әрі демократияландыруға, азаматтық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге, қазақстандықтардың әл-ауқат деңгейін арттыруға бағытталған саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне, соның ішінде Қазақстанның аса маңызды халықаралық бастамаларына ерекше назар аударылды.

Латвиялық сарапшылар, өз кезегінде, өз мекемелері қызметінің басым бағыттары туралы айтты. А.Спрудс пен Н.Линде Қазақстандағы ұқсас талдау орталықтарымен ынтымақтастық орнатуға үлкен қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық-латвиялық екіжақты ынтымақтастығы мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды жалғастыру және ақпарат алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.

Латвия тарапына Елшілік дайындаған Қазақстандағы саяси реформалар туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар тапсырылды.

Анықтама ретінде: Латвия сыртқы саясат институты 1992 жылы құрылған және сыртқы саясат және халықаралық қатынастар саласындағы Латвиядағы жетекші талдау орталығы болып табылады. Институт пен Латвия Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасында тығыз байланыс орнатылған.

Латвия Ғылым академиясының Экономика институты негізгі экономикалық проблемаларды талдап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша сараптамалық кеңестер береді.