Қазақстан мен Латвия экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуде

Қазақстан мен Латвия экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуде

Рига, 2021 жылғы 25 қараша – Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің бастамасымен Елші Тимур Пірімбетов Латвия сауда-өнеркәсіп палатасының Басқарма Төрағасы Янис Эндзиньшпен кездесті.

Кездесу барысында сұхбаттастар Қазақстан мен Латвия арасындағы кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 2021 жылдың 3 қарашасында өткен экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-латвия Үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Я.Эндзиньш Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған кең ауқымды жаңғырту күн тәртібі туралы хабардар болды.

Осыған орай, латвиялық сұхбаттасушы Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылатын жаңа перспективалық жобалармен танысты.

Екі елдің мамандандырылған құрылымдары тарапынан бірлескен жобаларды, ең алдымен экономиканың нақты секторында сүйемелдеу және іс жүзінде іске асыру бойынша қолдау көрсетудің маңыздылығы атап өтілді. Қазақстан Елшісі Латвия тарапының қазақстандық өнімді Латвия және Еуропа нарықтарына жылжытуда белсенді көмек көрсетуін қолдады.

Кездесу қорытындысы бойынша бизнес-форумдар, сауда миссиялары, дөңгелек үстелдер, семинарлар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұдан басқа, тараптар заңнамалық актілер және кәсіпкерлікті қолдауға тікелей қатысты басқа да шаралар туралы тұрақты негізде ақпарат алмасуға келісті.

Я.Эндзиньшке Қазақстандағы инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар берілді.

Анықтама ретінде: Латвия сауда-өнеркәсіп палатасы (ЛСӨП) 1934 жылы құрылған және 6000-нан астам мүшені біріктіреді, олардың ішінде шағын, орта ірі бизнес, қауымдастықтар мен кәсіби бірлестіктер өкілдері бар.

ЛСӨП Еуропалық сауда-өнеркәсіп палаталары қауымдастығының (EUROCHAMBRES) және Халықаралық сауда палатасының (ICC) мүшесі болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 100-ге жуық латвиялық компания, оның ішінде бірлескен компаниялар жұмыс істейді, олардың 79-ы ЛСӨП мүшелері болып табылады.