Экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия Үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы

Экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия Үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 3 қараша – Бейнеконференция режимінде Экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия Үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев, латвиялық делегацияны Байланыс министрі Талис Линкайтс басқарды.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, делегациялар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы, атап айтқанда көлік, логистика, сауда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, «жасыл» экономика, экология, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, денсаулық сақтау, туризм салаларындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сovid-19 пандемиясымен күрестегі өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті Хаттама қабылданып, оған екі елдің министрліктері мен ведомстволарының Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстары енгізілді.