Ұлыбританияның Латвиядағы Елшісі П.Бруммельмен кездесу

Ұлыбританияның Латвиядағы Елшісі П.Бруммельмен кездесу

2021 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстанның Ригадағы Елшілігінде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Латвия Республикасындағы жаңа Елшісі Пол Бруммелмен кездесу өтті. Кездесу британдық тараптың бастамасымен өтті.

Қазақстанның Елшісі Тимур Пірімбетов Елші Пол Бруммелді Латвия Республикасындағы дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі. Англия дипломаты елімізді жақсы біледі.
2005-2009 жылдары Пол Бруммел Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі болған.

Қысқа сұхбат барысында Латвияда тіркелген дипломатиялық корпус аясындағы елшіліктердің өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.