Спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2021 жылғы 23 қыркүйекте Елші Тимур Пірімбетов Латвияның спорттық күрес федерациясының президенті, 2007 жылғы Еуропа чемпионы, Латвияның ересектер арасындағы күрестен сегіз дүркін чемпионы Арманд Звирбулиспен кездесті. Кездесуге Латвия күрес федерациясының вице-президенті Игорь Костин де қатысты.

Спорт және спорттық күрес саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Қазақстан мен Латвия спорт федерациялары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды.

Кездесу барысында есімі аңызға айналған қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай латвиялық балуандардың үлгілік өнерін ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігі талқыланды. Осыған орай, 1909 жылы Ригада Қажымұқан Мұңайтпасов классикалық күрестен әлем чемпионы атанғаны айтылды.

Латвиялық әріптестер, өз кезегінде, ұлттық күрес федерациясының қызметі мен Латвияда аталған спорт түрін дамытудың басымдықтары жөнінде атап өтті.