Латвия Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты қатынастар жөніндегі бірінші департаментінің директорымен кездесу туралы

Латвия Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты қатынастар жөніндегі бірінші департаментінің директорымен кездесу туралы

2021 жылғы 20 қыркүйекте Елші Тимур Пірімбетов Латвия Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты қатынастар жөніндегі бірінші департаментінің жаңа директоры Эдгар Бондарспен кездесті.

Кездесу Қазақстан-Латвия қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын талқылауға арналды. Тараптар сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық барысы туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мәселелері де басты назарда болды. Сонымен қатар, дипломаттар екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту бойынша жұмысты жандандыруға келісті.

Кездесу барысында Т.Пірімбетов сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды, сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы жөнінде хабардар етті.