Латвияның Сыртқы істер министрлігінде екіжақты қарым-қатынас мәселелері талқыланды

Латвияның Сыртқы істер министрлігінде екіжақты қарым-қатынас мәселелері талқыланды

2021 жылғы 9 қыркүйекте Елшіліктің бастамасымен Латвияның Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысының орынбасары – саяси директоры А.Вильямсонспен кездесу өтті.

Кездесу барысында БҰҰ мен ЕҚЫҰ шеңберіндегі бастамаларды өзара қолдауды қоса алғанда, екіжақты қарым-қатынас пен халықаралық алаңдардағы өзара әрекеттесуге қатысты мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды.

Тараптар Қазақстан-Латвия қатынастарының дәйекті және прогрессивті дамуын атап өтті. Ол елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың серпінін арттыруға мүдделілігін растады. Бұл үдеріске экономикалық, ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі ықпал етеді, оның келесі отырысы Қазақстанда әзірленуде.

Қазақстан Елшісі сұхбаттасушының Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформаларға, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына жолдауына назарын аударды.

Қазақстан Президенті ұсынған бастамалары пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі экономикалық дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған.

Кездесу соңында тараптар жұмыс байланыстарын сақтауға және екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша тұрақты түрде пікір алмасуды жалғастыруға келісті.