Латвия Республикасының шекарасынан өту тәртібі

Латвия Республикасының шекарасынан өту тәртібі

Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына!

2021 жылдың 12 шілдесінен бастап 1 қыркүйегіне дейін «Гребнево», «Терехово», «Патерниеки» және «Силене» шекара бекеттері арқылы Латвия Республикасына кіретін үшінші елдерің азаматтары міндетті түрде Еуропалық Одақта танылған Covid-19-ға қарсы вакцина алынғаны туралы сертификат, Covid-19 зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін растайтын құжат (ПТР-тест) немесе Covid-19 коронавирустық инфекциямен ауырып шыққанын растайтын сертификат көрсетулері қажет.

         Covid-19 ПЦР-тестін жоғарыда келтірілген шекаралық бекеттерде жасауға болады. Аталған процедура ақылы.

Баяндалған құжаттарды көрсету міндетінен төмендегі тұлғалар босатылады:

- 12 жасқа дейінгі балалар;

- Латвияда тіркелген дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен олардың жанұя мүшелері;

- Латвия Республикасы басшылығының ресми шақыруымен келетін тұлғалар (алдын ала келісіледі және рәсімделеді);

- шетелдік дипломатиялық курьерлер мен ad hoc дипломатиялық курьерлер;

- дипломатиялық паспорт иегерлері, олармен ілесіп жүретін техникалық персонал, ресми функциялармен жүрген шенеуніктер және дипломатиялық немесе консулдық қызметтің жұмысшылары.