Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағын жүргізу туралы

Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағын жүргізу туралы

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстан Республикасында «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!» ұранымен Ұлттық халық санағы өткізіледі.

Санақ екі кезеңде жүзеге асырылады:

1) 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы онлайн режимінде;

2) 2021 жылғы 1 қазан мен 30 қазан аралығындағы кезеңде планшеттерді қолдану арқылы өткізу көзделген (үй аралау).

Осылайша, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында мамандандырылған sanaq.gov.kz веб-сайтында қазақстандықтар, оның ішінде шетелде тұратындар санақ аясында қойылатын барлық сұрақтарға онлайн режимінде жауап бере алады.

Жүйе тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Респондент санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез-келген уақытты таңдай алады.

Сонымен қатар, egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады, ол арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, санаққа қатысуға болады.