Ригада Қазақстан Республикасының астанасы туралы фотокөрме ашылды

Ригада Қазақстан Республикасының астанасы туралы фотокөрме ашылды

Рига, 2021 жылғы 6 шілде - Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі Рига қаласының Думасы және Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдігімен бірлесе отырып Риганың орталығында «Лив» алаңында астана күніне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы мен Нұр-Сұлтан және Рига қалалары арсындағы бауырластық қатынастардың 15-жылдығына орайластырылған Қазақстан Республикасының бас қаласы туралы салтанатты түрде фотокөрменің тұсауын кесті.

Рига тұрғындары мен қонақтарына тек қаланың ғана емес, бүкіл Қазақстанның ерекше белгілеріне айналған бас қаламыздың ең танымал сәулет нысандарының фотосуреттері ұсынылды.

Көрменің ашылу салтанатына шақырылған латвиялық ресми тұлғалар, Сейм депутаттары, мәдениет және ғылым қайраткерлері, академиялық топтарын, бизнес құрылымдардың, сондай-ақ БАҚ өкілдері Қазақстан астанасының әлемдік саясаттың, экономиканың, ғылымның, мәдениеттің және спорттың маңызды орталығына айналғанын атап өтті. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бүкіл Еуразиялық кеңістіктегі ең қарқынды дамып келе жатқан ірі қалалардың бірі. Қазақстан мен Латвия астаналары арасында бауырластық қатынастардың орнауы Қазақстан-Латвия қатынастарының дамуына қосымша серпін берді.

Көрменің ашылуы Латвия астанасының мәдени өміріндегі маңызды оқиға болды. Көрме 18 шілдеге дейін жалғасады.