Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы

2021 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті                                                           Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын бекіту, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздеу тапсырылды:

БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;

адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;

әйелдерге қатысты кемсітуді жою;

бірлесу бостандығына құқық;

пікір білдіру бостандығына құқық;

адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;

үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;

адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары.