Балық өнеркәсібіндегі қазақстандық-латвиялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Балық өнеркәсібіндегі қазақстандық-латвиялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

2021 жылғы 23 сәуірде жоғары сапалы балық өнімдерін өсіру және қайта өңдеумен айналысатын әйгілі латвиялық «SIA Mottra» компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Кездесу кәсіпорынның аумағында өтіп, қазақстандық дипломаттар өндіріс үдерісімен танысты.

«SIA Мottra» балық саласында үлкен тәжірибесі, жеке алдыңғы қатарлы ғылыми зерттемелері мен технологиялары бар. Компания Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты. Мәселен, Қазақстан өңірлерінің табиғи және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін қолдана отырып, аквамәдениетті өндіру бойынша біріккен ірі (индустриялық кешен) және шағын (фермерлік шаруашылық) кәсіпорындарды құруға мүдделі.