Қазақстан мен Латвия астаналары арасындағы ынтымақтастық болашағы талқыланды

Қазақстан мен Латвия астаналары арасындағы  ынтымақтастық болашағы талқыланды

2021 жылы 1 сәуірде Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетов және Рига қаласы Думасының Төрағасы Мартинс Стакис арасында онлайн-кездесу өтті. Кездесуге Рига қаласы Думасының Төраға орынбасары Эдвардс Смилтенс те қатысты.

Екі елдің астаналары арасындағы экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, білім және ғылыми салалардағы ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы талқыланды. Ақпараттық технологиялар мен инновациялар, жасыл экономика, урбанизм, медицина және туризм саласындағы озық тәжірибелермен өзара әрекеттесу мен алмасуға ерекше назар аударылды.

Латвия астанасында Нұр-Сұлтан мен Рига арасындағы бауырлас қалалық қатынастардың орнатылуының 15 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу соңында тараптар екі-бауырлас қалалары арасында байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға мүдделі екендіктерін растады.