Латвиялық «SIA Mediju nams» баспа холдингімен ынтымақтасудың перспективалары талқыланды

Латвиялық «SIA Mediju nams» баспа холдингімен ынтымақтасудың перспективалары талқыланды

2021 жылы 31 наурызда Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Елші Т.Пірімбетовтің латвиялық «SIA Mediju nams» баспа холдингінің басқарма төрағасы Наурис Капостиньшпен кездесуі өтті.

«SIA Mediju nams» күнделікті баспа және электронды түрде латыш, сондай-ақ ағылшын тіліндегі саяси-қоғамдық«Neatkariga Rita Avize» (Егемен таңғы газет) газетін баспадан шығарады. Бұдан басқа, баспа холдингі «Maja» (Үй), «Vakara zinas» (Кешкі жаңалықтар) және т.б. танымал журналдардың иегері.

Кездесуге сонымен бірге «Neatkariga Rita Avize» газетінің журналист-колумнисі Ритумс Розенбергс те қатысты.

Латвиялық сұхбаттасушылар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда қол жеткізген негізгі жетістіктерімен, Қазақстан Республикасының ең маңызды халықаралық бастамаларымен таныстырылды. Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен өткізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жарықтандыруға аса көңіл бөлінді.

Кездесудің қорытындысы бойынша Елшілік пен баспа холдингі арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға екіжақты қызығушылық танытылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына, сонымен қатар екіжақты қазақстандық-латвиялық қатынастарға арналған мақалаларды дайындау және жариялау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.