Қазақстан Елшілігінде алғыс айту күніне орай отандастармен кездесу өтті

Қазақстан Елшілігінде алғыс айту күніне орай отандастармен кездесу өтті

2021 жылы 1 наурызда алғыс айту күніне орай Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде осында тұратын отандастармен достық кездесу өтті.

Қазақстан мен Латвия ынтымақтастығының кең ауқымдағы мәдени-гуманитарлық мәселелері бойынша жаппай пікір алмасылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеу шеңберінде ісшаралар ұйымдастыру мен өткізу бойынша бірлескен жұмыстың мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстандағы саяси реформаларды талқылауға ерекше көңіл бөлінді. Кездесуге қатысушылар азаматтық қоғамды одан әрі демократизациялау және құру жөніндегі Мемлекет басшысының бастамаларын толықтай қолдайтындарын білдірді.

Латвияда қазақтың ұлттық мәдениетін, дәстүрлері мен салтын, сондай-ақ қазақстан-латвиялық достық байланыстарды ілгерілеткендері үшін шараға қатысушылар Елшіліктің алғыс хаттарымен марапатталды.