Балтық-қазақстандық экономикалық даму жөніндегі қауымдастықтың басшылығымен ынтымақтастықтың перспективалық салалары талқыланды

Балтық-қазақстандық экономикалық даму жөніндегі қауымдастықтың басшылығымен ынтымақтастықтың перспективалық салалары талқыланды

Ү.ж. 25 ақпанда Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде Балтық-қазақстандық экономикалық даму жөніндегі қауымдастықтың Басқарма Төрағасы Александр Видякинмен кездесу өтті.

Жоғары технологиялар және жасыл экономика салаларындағы перспективалық жобалар, Қазақстан мен Латвияның кәсіпкерлік құрылымдары арасында байланыстарды дамыту және нығайту мәселелері басты назарда болды.

Сонымен қатар, кездесу барысында эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, екіжақты байланыстардың жаңа формалары талқыланды. Қауымдастықтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Елшілік тарапынан ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысуы мәселелері қарастырылды.