Латвиялық журналист Владимир Решетовпен кездесу

Латвиялық журналист Владимир Решетовпен кездесу

2021 жылдың 23 ақпанында Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде әйгілі латвиялық журналист пен публицист Владимир Решетовпен кездесу өтті.

Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Т.Пірімбетовпен сұхбат барысында Қазақстан мен Латвия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтмақтастықтың күн тәртібіндегі әртүрлі тақырыпта жан-жақты пікірлермен алмасты. Сонымен қатар, Елшіліктің латвиялық алдыңғы қатарлы бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларымен тығыз және нәтижелі ынтымақтастықты орнату мүмкіндігі талқыланды. В.Решетов Латвияда журналист ретінде ғана емес, көркем суретші, продюсер және халықаралық көрмелер, концерт пен фестивальдарды ұйымдастырушы ретінде танымал. В.Решетовтың тағдыры мен шығармашылығы Қазақстанмен тікелей байланысты болды. 1970 жылы ол біздің елімізде білім алып, жұмыс істеді. Сондықтан онымен кездесу Қазақстанда Алғыс айту күнін тойлау қарсаңында өткендігі кездейсоқ емес.