Қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының мерейтойлық жылында оның «Қыран қабақ» атты латыш тіліндегі бірегей өлеңдер жинағы дүниеге келді.
Бұл жинақ алғаш рет Латвияда 1970 жылы басылды. Сол кездегі Латвияның белгілі жазушыларының тобы латвиялық оқырманына аударманың шынайлығы ғана емес, сонымен бірге ақын шығармашылығының бүкіл тереңдігі мен өзіндік ерекшелігін, оның гуманистік, философиялық және адамгершілік көзқарастарын, материалдың үстінен рухани салтанат құруға деген ұмтылысты жеткізе білді. Жинаққа азаматтық лирика, табиғат туралы бақылаулар, отбасылық құндылықтар туралы ойлар, әлем мен адам тағдыры туралы ойлар енгізілді. Құрастырушылар оған «Қыран қабақ» деген үлкен атау берді. Жинақтың алғашқы басылымының тағдыры – өте ерекше. Бірден дерлік бұл кітапхананың сирек кездесетін құндылықтарының біріне айналды. Көптеген жылдар бойы Латвия университетінің Академиялық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мұрағатында бірнеше даналары мұқият сақталды.
Латвиядағы Қазақстан Елшілігінің тікелей қолдауымен «Қыран қабақ» жинағын қайта басып шығару үшін арнайы шығармашылық топ құрылды, оның құрамына жетекші редакторлар, суретшілер, аудармашылар және полиграфия саласындағы танымал мамандар кірді. Осы шығармашылық топ Абай шығармалары тағы да латыш оқырманының ыстық ықыласына және шынайы қызығушылық табатындығына сенімді. Ұлы Абайдың сөзі Қазақстан мен Латвия арасындағы мәдени көпірдің бейнесі болады.
Желтоқсан айының басында Латвияның ең танымал күнделікті газеттерінің бірі «Diena» өз бетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және оның өлеңдер жинағын латыш тіліндегі «Қыран қабақ» қайта бастыруға арналған арнайы мақала жариялады.