
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2026 жылғы 23 тамыз (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Рига қаласы, Юра Алунана көшесі, 2 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 468 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді (толық ақпарат: www.election.gov.kz)
18 жасқа толған әрбір Қазақстан азаматының сайлауға қатысуға конституциялық құқығы бар. Бұл құқықты жүзеге асырудың кепілі - сайлаушылар тізімдерінде сіздің деректеріңіздің болуы.
Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің жанындағы № 468 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Латвияның аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын және Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорттары бар Қазақстан азаматтары енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Латвия аумағында орналасқан Қазақстан азаматы сайлаушылар тізіміне ену үшін «Құрылтай» деген белгісі бар өзінің деректерін (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы) алдын ала келесі электрондық поштасына: rigaconsulate@mfa.kz жіберуі қажет.
Сайлаушылар тізімінде тіркелгеніңізді тексеру үшін, сондай-ақ басқа да сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарға хабарласуға болады: +371 672 43 028, +371 231 777 63