Қазақстан делегациясы Ригада ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің 35-ші жылдық отырысына қатысты

Қазақстан делегациясы Ригада ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің 35-ші жылдық отырысына қатысты

2026 жылғы 6 маусым, Рига – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл бастаған Қазақстан делегациясы 2026 жылғы 5-7 маусым аралығында Ригада өткен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Басқарушылар кеңесінің 35-ші жылдық отырысы мен Бизнес-форумына қатысты.

Іс-шара аясындағы негізгі оқиғалардың бірі Қазақстанға арналған «Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі» сессиясы болды. Осы тақырыпта Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейл, Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаев баяндама жасады. Олар мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары мен шетелдік инвестицияларды тартудың институционалдық жағдайларын егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін цифрландырудың жоғары деңгейі мен адами капитал сапасына, елдің жаңа экономикалық өсу «нүктелеріне» тоқталды.

Делегацияның Ригадағы іс-шараларға қатысуының практикалық нәтижесі ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімнің ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ-ның Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты Техникалық ынтымақтастық шоты туралы қосымша келісіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы Серіктестіктің негіздемелік келісіміне қол қою болды.

Өткен кездесулер мен баяндамалар Қазақстанның ЕҚДБ-нің сенімді серіктесі ретіндегі мәртебесін растауға арналған және ол елдің экономикасына инвестиция тартуға ықпал етпек.

Іс-шараға 77 елден Банк жүйесінде жұмыс істейтін 2000-нан астам қатысты, оның ішінде мемлекет және үкімет басшылары, орталық банк басшылары, қаржы министрлері, халықаралық бизнес және азаматтық қоғам өкілдері болды.