Қазақстан мен Латвия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

Қазақстан мен Латвия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

Рига, 2026 жылғы 12 мамыр - Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов Қазақстан Республикасымен іскерлік ынтымақтастықты дамытуға мүдделі бірқатар ірі латвиялық компаниялардың басшыларымен кездесті.

Іс-шара барысында 2026 жылғы мамыр айының үшінші онкүндігінде Латвия делегациясының Қазақстан Республикасына жоспарланған сапары, оның ішінде В2В форматындағы кездесулер, «Латвия – Қазақстан 2026» бизнес-форумының күн тәртібі және басқа да іс-шаралар талқыланды. Тараптардың көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, химия өнеркәсібі, IT, жасанды интеллект, сондай-ақ «жасыл» экономика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталғаны атап өтілді.

Қазақстандық дипломат жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы өзінің дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Саяси жүйені ауқымды жаңғыртумен қатар, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған кең көлемді экономикалық реформалар жүзеге асырылатыны айтылды. Осыған байланысты ол латвиялық бизнес өкілдерін қолданыстағы тетіктер арқылы да, жаңа өзара іс-қимыл форматтарын қалыптастыру жолымен де екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды белсенді түрде нығайтуға шақырды.

Тараптар қазақстандық-латвиялық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беру мақсатында тұрақты байланыстарды қолдап отыруға уағдаласты.